Елорда жаңалықтары

Астанада «Рәміздерім – Тәуелсіздік бойтұмары» атты іс-шара өтті

4 маусым - Мемлекеттік рәміздер күні мерекесіне орай Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Архив, құжаттама және кітап ісі комитеті «Геральдикалық зерттеулер орталығы» РММ-нің ұйымдастыруымен және  Астана қаласы әкімдігінің «Музыкалық жас көрермен театры» МКҚК қолдауымен «Рәміздерім – Тәуелсіздік бойтұмары!» атты жас суретшілер көрмесі өтті, деп хабарлады Elorda.info.

Көрмеге Әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайының жас өнерпаздарының суреттері қойылды. Суреттерді сөйлеткен қылқалам шеберлері «Отанымның туы», «Көк тудың желбірегені», «Жайнай бер Елтаңба», «Қазақстан – бейбітшілік елі», «Туымыздың қанатында», «Қазақстан әуені», «Рәміздер  өшпейтін мұра» сынды түрлі атаулармен өз туындыларын ұсынды. Бейнелеу өнерін жандарына серік еткен жас таланттылар еңбектерінде жүнді бояу техникаларында қолданған екен. Көздің жауын алатын суреттер жиналғандарды тәнтті етті.

Іс-шара шымылдығын ашқан Орталық директоры Қалқаман Сарин жиналғандарды «4 маусым - Мемлекеттік рәміздер күні» мерекесімен құттықтап, бұл күннің жастар үшін алар орны ерекше екендігін алға тартты. Бүгінгі жиынның өтуіне қолдау білдірген ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, Астана қаласы әкімдігінің «Музыкалық жас көрермен театрының» директоры Асхат Маемиров жас таланттылардың өнеріне ризашылығының білдіріп, тілегін жеткізді. Сонымен қатар ҚазақКСР Еңбек сіңірген әртісі, компазитор Бекболат Байсағатов,  суретші, халықаралық байқаулардың жеңімпазы Аңсаған Мұстафа, ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының директоры Ғазиза Құдайбергенқызы сынды арнайы шақырылған қонақтарда Жас өнерпаздардың қиялына қанат бітірген туындыларды жоғары бағалап, Мемлекеттік Рәміздер күнінің маңыздылығы жоғары екендігін атап өтті.

Шараға қолдау білдірген мекеме басшыларымен қатар, өз туындыларын ортаға салған жас суретшілерге алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табысталды. Іс-шара соңы қазақ композиторы, Мемлекеттік Әнұранның авторы Шәмші Қалдаяқовтың өмір жолы мен шығармашылығынан сыр шертетін  «Шәмші» мюзиклінің қойылымына ұласты.

-->