Республика даңғылы мен С.Сейфуллин көшесінің қиылысы жабылады
Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Республика даңғылы мен С.Сейфуллин көшесі қиылысының жол төсеміне жөндеу жүргізеді, деп хабарлады Elordainfo.kz Астана қаласы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Осыған байланысты аталған учаскеде 24-25 мамыр күндері қозғалыс толығымен шектеледі.
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы және ықтимал өзгерістерді ескеруі қажет. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады.