Астанада PR-менеджер мен баспасөз хатшыларына арналған тренинг өтті
Астана қаласының Ішкі саясат басқармасы ұйымдастырған жиынға 100-ге жуық баспасөз хатшысы, қоғаммен байланыс жөніндегі менеджерлер мен журналистер қатысты, деп хабарлады Elorda.info.
«Баспасөз қызметі» журналының бас редакторы, іскерлік коммуникациялар және қоғаммен байланыс саласындағы сарапшы Тимур Асланов тренинг спикері болды. Жиын барысында қатысушылар күрделі жағдайда жұртшылықпен өзара іс-қимылдың негізгі ұғымдарымен және принциптерімен танысты.
Сонымен қатар тренингке қатысушылар әрекет ету стратегиясын құру, көпшілік алдында сөйлеуге дайындық және төтенше жағдайлар жоспарын әзірлеу бойынша ұсыныстар алды.
-->

Біз өткен жылы осындай семинар өткіздік. Бүгін сарапшы - қоғаммен байланыс жөніндегі тренингтердің авторы және жүргізушісі Тимур Асланов өз тәжірибесімен бөліседі. Егер осы тренинг сіздерге дағдарысқа қарсы коммуникация сияқты маңызды салада қосымша дағдыларды игеруге көмектессе, біз өте қуаныштымыз, - деді Астана қаласы Ішкі саясат басқармасының басшысы Дәурен Бабамұратов.
Сонымен қатар тренингке қатысушылар әрекет ету стратегиясын құру, көпшілік алдында сөйлеуге дайындық және төтенше жағдайлар жоспарын әзірлеу бойынша ұсыныстар алды.