Астанада полиция есірткіні жарнамалаған үш күдіктіні қолға түсірді
Астанада полиция есірткіні жарнамалаған үш күдіктіні қолға түсірді, деп хабарлады Elorda.info Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
«Қарасора» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында полиция қызметкерлері елордада аулалардың бірінде есірткіні заңсыз жарнамалап жүрген қала тұрғындарын ұстады. 30, 32 және 33 жастағы азаматтар саябақтарда, скверлерде, аялдамаларда, үйлердің кіреберістеріне есірткі сайтының мекенжайын сызып белгілегені анықталды. Олар Nissan cefiro көлігімен қаланы аралап жарнамалау жұмыстарын жалғастырған.
Аталған көліктерін тінту кезінде жазуы бар трафарет, аэрозоль бояулары, телефондар тәркіленді. Осы факті бойынша есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, прекурсорларды насихаттау және заңсыз жарнамалау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ұсталғандар Астана қаласы полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды.
-->«Қарасора» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында полиция қызметкерлері елордада аулалардың бірінде есірткіні заңсыз жарнамалап жүрген қала тұрғындарын ұстады. 30, 32 және 33 жастағы азаматтар саябақтарда, скверлерде, аялдамаларда, үйлердің кіреберістеріне есірткі сайтының мекенжайын сызып белгілегені анықталды. Олар Nissan cefiro көлігімен қаланы аралап жарнамалау жұмыстарын жалғастырған.