Астанада Орталық саябақтағы жол уақытша жабылды
Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Орталық саябақтың ішіндегі жолға орташа жөндеу жұмыстарын жүргізеді, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Осыған байланысты, 9-13 шілде аралығында көрсетілген учаскеде қозғалыс толығымен жабылатын болады.
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы және ықтимал өзгерістерді ескеруі қажет. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады.
Осы өзгерістерге түсіністікпен қарауды және қала бойынша қозғалыстарды жоспарлау кезінде алдын ала ескеруді сұраймыз, - делінген хабарламада.