Астанада Қорғалжын тасжолындағы екі жолайрыққа апаратын жолдар уақытша жабылды
Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Қорғалжын тасжолында қосымша жүріс жолағын салу мақсатында жолдың ортасында орналасқан бөлгіш құрылымды алу жұмысын жүргізеді, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Сонымен қатар дәл осындай жұмыс Қорғалжын тасжолы мен Е-430 көшесінің қиылысында да жүргізіледі.
Осыған байланысты, 29 шілдеден бастап 20 тамызға дейін Қорғалжын тасжолы мен Айтматов көшесінің, сондай-ақ Қорғалжын тасжолы мен Е-430 көшесінің қиылыстарында екі бағытта да көлік қозғалысы уақытша шектеледі.
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден маршруттарды алдын ала жоспарлауы және ықтимал өзгерістерді ескеруі қажет, - делінген хабарламада.