Астанада қоғамдық көлікте жүру бағасы қымбаттауы мүмкін
Құжатқа сәйкес, қоғамдық көлікте жол жүру ақысын 90 теңгеден 110 теңгеге дейін арттыру ұсынылады.
Айта кетейік, қалалық бағдарларда жол жүруге 90 теңге тариф 2014 жылдың қыркүйегінде белгіленген болатын.
Астанада және қала маңында оқитын 18 жасқа дейінгі балалар үшін қоғамдық көлікте жол жүру 2020 жылғы наурыздан бастап тегін. Міндетті шарт – мектептің көлік картасының болуы және оны автобуста валидация жасау.
Сондай-ақ келесі санаттарға жататын азаматтар бұл жеңілдікке ие:
1) Екінші дүниежүзілік соғыстың қатысушылары мен мүгедектері және оларға теңестірілген адамдар;
2) жасы және еңбек еткен жылдары бойынша зейнетке шыққандар, сондай-ақ жасы бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша зейнеткерлік жасқа толған мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылар;
3) көпбалалы аналар;
4) көпбалалы отбасылар;
5) мүгедектер;
6) он сегіз жасқа дейінгі мүгедек балалар, оның ішінде ата-аналарының бірі (заңды өкілдері).
7) «Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын оңалту туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен ақталған 1986 жылғы 17-18 желтоқсандағы Қазақстандағы оқиғаларға қатысушылар қатарынан саяси қуғын-сүргін құрбандары.
-->Құжатқа сәйкес, қоғамдық көлікте жол жүру ақысын 90 теңгеден 110 теңгеге дейін арттыру ұсынылады.