Астанада нашақорлыққа қарсы акция өтті
Елордалық жазғы амфитеатрда түрлі шығармашылық топтар өнер көрсетіп жатыр, деп хабарлады Elorda.info.
Жасөспірімдерден құралған топтар концерттік бағдарлама дайындаған.
Бұл іс-шара нашақорлыққа қарсы күрес күніне орай ұйымдастырылып отыр.
Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, қазіргі таңда қалалық психикалық денсаулық орталығында мыңға жуық есірткіге тәуелді адам есепте тұр. Жыл басынан бері 234 науқас стационарлық емдеуден өтті. Ал оның 16 пайызы ремиссия бойынша есептен шығарылды.
Салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында түрлі профилактикалық іс-шарамен қатар Астанада «Денің сау болу – сәнде» атты концерт өткізілді.
Бұл іс-шара Астана қаласы әкімдігінің, қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының және қалалық полиция департаментінің қолдауымен, өткізіліп жатыр.
-->

Жыл сайын әртүрлі есірткі заттарының саны артып келеді. Олар көпшілікке қолжетімді әрі кең таралып жатыр. Есірткі - өмір сүру ұзақтығын қысқартатын, физикалық және психикалық денсаулықты бұзатын жаһандық мәселе.Сондықтан да аурудың алдын-алу және мамандардың кеңес беруі аса маңызды. Бүгінгі мақсатымыз - салауатты өмір салтын насихаттау, - деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті басқармасы басшысының орынбасары Бақытжан Әмірханов.