Елорда жаңалықтары

Астанада мүгедектігі бар адамдар үшін 122 нысанда толық жағдай жасалды

2023 жылы елордада мүгедектігі бар адамдардың заңды құқықтарын қамтамасыз ету және олар үшін қолжетімді ортаны қалыптастыру мақсатында 122 әлеуметтік инфрақұрылым нысаны толық бейімделді, деп хабарлады Elorda.info.

Қазіргі уақытта елімізде 2025 жылға дейін Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі ұлттық жоспар, «Аманат» партиясының 2023–2027 жылдардағы жол картасы және Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша әзірленген «Халықпен бірге» жобасы іске асырылуда.

Жобада қолжетімділіктің интерактивті картасы сайтына енгізілген ел бойынша бейімделуге тиіс 35 мыңнан астам басым объектілер айқындалды. 2021 – 2022 жылдары 8 мыңнан астам нысан бейімделді. 2023 – 2027 жылдар кезеңінде жыл сайын кемінде 5 мың объект (5 жылда 27 мың) бейімделуі тиіс. 2021 – 2022 жылдарды қоса алғанда, 2023 жылдың қорытындысы бойынша 13 857 объект осы талапқа сәйкестендірілді.

Астана қаласында 2023 жылы жергілікті атқарушы органдар 175 нысанда мүгедектігі бар адамдардың барлық санаттары үшін бейімдеу жұмыстарын жүргізді:

-  білім беру – 26 (мектептер, балабақшалар);

- денсаулық сақтау – 20 (аудандық/қалалық ауруханалар, фельдшерлік-акушерлік пункттер, амбулаториялар);

- мәдениет объектілері – 7 (мәдениет үйлері, театрлар және т. б.);

- спорт нысандары – 4 (спорт залдары, спорт сарайлары және т. б.);

- әлеуметтік қорғау объектілері – 5;

- дүкендер, сауда үйлері – 5

- қызмет көрсету саласының объектілері – 36.

-->

«Жалпы қала бойынша мүгедектігі бар адамдар үшін жағдай жақсарып, барлық қажетті жағдайлар жасалуда. Меншік иелері объектілерді құрылыс нормаларына сәйкес келтіруге тырысады. Көптеген кәсіпкерлер мен мемлекеттік мекемелер мүгедектігі бар азаматтардың шағымдары мен ұсыныстарын ескере отырып, кіру аймақтарын жаңғыртудан өткізуде. № 8 және № 9 қалалық емханаларға барған кезде денсаулық сақтау мекемелерінің қолжетімділігіне таң қалдым. Есіктер өлшемдерге сәйкес келеді, ыңғайлы лифттер қарастырылған. Сондай-ақ жақында А.Иманов көшесіндегі Каспий банкінің бөлімшесіне бардым, онда кіру аймағы қайта жаңартылған, көтергіш құрылғы орнатылып, кіреберіс кеңейтілген, кіру есіктері ауыстырылған, кресло-арбадағы мүгедектерге арналған арнайы касса, тактильді плиткалар мен көрсеткіштер орнатылған. Бұл қала тұрғындарының ең көп баратын орындары, оның ішінде біз де жиі барамыз», – деді бірінші топ мүгедектігі бар елорда тұрғыны Дастан Раушанбеков.