Астанада металл ұрлығына қатысы бар азаматтар анықталды
Елордада металл ұрлығына қатысы бар азаматтар анықталды, деп хабарлады Elorda.info Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Тергеу барысында ер адамдар күндізгі уақытта ЖШС-ға тиесілі жылыжай аумағына заңсыз кіргені белгілі болды.
Олар күзетішілерге көрінбейтін аймақта орналасқан 44 дана металл қоқыс жәшіктерін көреді. Кейін металлды сол жерден алып, 300 метр қашықтықта тұрған металл сынықтарын қабылдау пунктіне апарады. Ер адамдардың өткізу сәті бейнебақылау камераларына түсіп қалған.
Сонымен қатар металл қабылдағыштың иесіне қатысты бірден екі әкімшілік іс қозғалды.
-->Елордада металл ұрлығына қатысы бар азаматтар анықталды, деп хабарлады Elorda.info Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Полицияға елордалық ЖШС-ның бірінен белгісіз біреулердің құны 750 мың теңгеден асатын металл қоқыс жәшіктерін ұрлау фактісі бойынша хат келіп түскен.Аталған дерек бойынша Астана қаласының Байқоңыр ауданы ПБ қызметкерлері елорданың 30 және 41 жастағы екі тұрғынына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Олардың соңғысы бұрын тонау үшін сотталған, - деп жазылған хабарламада.
Тергеу барысында ер адамдар күндізгі уақытта ЖШС-ға тиесілі жылыжай аумағына заңсыз кіргені белгілі болды.
Олар күзетішілерге көрінбейтін аймақта орналасқан 44 дана металл қоқыс жәшіктерін көреді. Кейін металлды сол жерден алып, 300 метр қашықтықта тұрған металл сынықтарын қабылдау пунктіне апарады. Ер адамдардың өткізу сәті бейнебақылау камераларына түсіп қалған.
Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде болжамды тұлғалардың жеке басы мен орналасқан жері анықталды. Ер адамдар мойындау көрсетпелерін берді. Олардың бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталып жатыр. Аталған адамдар ПД УҰИ-ға қамалды, - деп жазылған хабарламада.
Сонымен қатар металл қабылдағыштың иесіне қатысты бірден екі әкімшілік іс қозғалды.
Астана қаласының полиция департаменті қырағы болуды ұсынады. Егер сіз күдікті адамдарды байқасаңыз, полицияға, «102» мобильді қосымшасы арқылы хабарлауды сұраймыз. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабы негізінде тергеу мүддесінде сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге де деректері жария етілуге жатпайды, - деп жазылған хабарламада.