Астанада мереке қарсаңында қалалық ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді
Қазақстан халқының бірлігі күнін мерекелеу қарсаңында елордада 26 және 27 сәуірде кезекті қалалық ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Жәрмеңкеде Қазақстанның түрлі өңірлерінен жергілікті фермерлер мен өндірушілер жеткізген өнімдер ұсынылады. Қала тұрғындары мен қонақтары көкөністер мен жеміс-жидек, ет, ұн, сүт өнімдерін, кондитерлік өнімдерді, табиғи шырындарды және т.б. сатып ала алады.
Іс-шара 26 және 27 сәуірде таңғы 10:00-ден кешкі 22:00-ге дейін Нұрғиса Тілендиев даңғылы, 12а мекенжайындағы «Көктал» сауда-ойын-сауық орталығында өтеді.
Айта кетейік, елордада Бейбарыс Сұлтан көшесі, 23 («Рио-де-Жанейро» ТК қарама-қарсы) мекенжайында ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі жұмыс істейді. Ол күн сайын сағат 9.00-ден 19.00-ге дейін келушілер үшін ашық болады.
Келушілерге ыңғайлы болу үшін жәрмеңкеге мына автобустар қатынайды: № 2, 32, 49, 50, 73.