Астанада мемлекеттік органдардың қызметкерлері азаматтарды қабылдайды
22 қараша күні Әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайының ғимаратында «Заң керуені» акциясы өтеді. Іс-шара аясында прокуратура, полиция және қала әкімдігінің қызметкерлері азаматтарды жеке қабылдайды, деп хабарлады Elordainfo.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
«Заң керуені» акциясы аясында Астана тұрғындары елорданың мемлекеттік органдарының уәкілетті тұлғаларына сұрақтар қоя алады.
Іс-шара 22 қараша күні сағат 15:00-ден 18:00-ге дейін Б.Момышұлы даңғылы, 5 мекенжайында орналасқан Әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайының ғимаратында өтеді.
Жеке қабылдау кезек тәртібімен жүргізіледі, азаматтардың өзімен бірге жеке куәлігі болуы қажет.