Астанада мектептің маңындағы қараусыз ғимараттан оқушы қыздың мәйіті табылды
Бүгін әлеуметтік желілерде елордадағы мектептердің бірінің маңындағы қараусыз ғимараттан 14 жастағы оқушы қыздың мәйіті табылғаны туралы хабарлама тарады. Астана қалалық ПД бұл ақпаратты растады, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Қыздың денесі Астанадағы №5 гимназия маңындағы қараусыз қалған ғимараттан табылған.
«10 қыркүйек күні қыздың мәйіті табылғаны туралы кезекші бөлімге хабарлама түсті. Мәйітті қарау кезінде одан зорлық-зомбылық белгілері байқалған жоқ, қазір өлімнің себебі анықталуда. Бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. ҚР ҚПК 201 бабына сәйкес өзге ақпарат жариялауға жатпайды», - деп көрсетті Астана қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.