Астанада мектептердің жанында ескерту жол белгілері орнатылып жатыр
Елордада мектептер мен балабақшалардың жақын маңындағы көше-жол желісіне тексеру жүргізіліп жатыр, деп хабарлады Elorda.info қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Елордалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Жол қозғалысы қауіпсіздігі жөніндегі уәкілетті органмен, Астана ПД әкімшілік полиция басқармасымен, сондай-ақ аудандық әкімдіктермен бірлесіп, балалар қауіпсіздігін қамтамасыз ету шеңберінде жыл сайын жалпы білім беретін және мектепке дейінгі оқу орындарының тікелей маңындағы көше-жол желісіне тексеру жүргізеді.
Зерттеу негізінде жалпы білім беретін мектептердің балалар қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі 2024 жылға арналған іс-шаралар жоспары әзірленді. Жалпы білім беру ұйымдарында ҚР СТ 1412-2017 «Жол қозғалысын реттеудің техникалық құралдары» стандартының талаптарына сәйкес жол инфрақұрылымымен жарақтандыру бойынша жұмыс жүргізілді.
Сонымен қатар, білім беру мекемелерінің жанында 370 - «балалар», 593 – «максималды жылдамдықты шектеу», 302 – «жасанды жол кедергісі», 830 – «жаяу жүргіншілер өткелі» белгілері орнатылған.
-->Елордалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Жол қозғалысы қауіпсіздігі жөніндегі уәкілетті органмен, Астана ПД әкімшілік полиция басқармасымен, сондай-ақ аудандық әкімдіктермен бірлесіп, балалар қауіпсіздігін қамтамасыз ету шеңберінде жыл сайын жалпы білім беретін және мектепке дейінгі оқу орындарының тікелей маңындағы көше-жол желісіне тексеру жүргізеді.