Астанада мектеп жанындағы жазғы лагерьлер жұмысын бастады
Елордадағы Қадыр Мырза Әлі атындағы №88 мектеп-лицейінде «Ақбота» жазғы сауықтыру лагері ашылды. Жалпы бүгін қала бойынша барлық білім беру ұйымдарында жазғы лагерьлер өз жұмысын бастады, деп хабарлады Elorda.info.
Сауықтыру лагерінің ашылу салтанатына қалалық Білім басқармасының өкілдері, мұғалімдер, мектептің бастауыш және 5-8 сынып оқушылары, қонақтар мен ата-аналар қатысты.
Астана қаласы Білім басқармасының қосымша білім беру және тәрбие жұмысы бөлімінің бас маманы Мәдина Сүлейменованың сөзінше, елордада 206 мыңнан аса бала жазғы демалыспен қамтылады.
Басқарма өкілінің айтуынша, биыл елорда мектеп жанындағы 20 этнолагерь ашылған.
Сонымен қатар аз қамтылған отбасылардан шыққан балалар үшін лагерьлер жалпыға бірдей міндетті білім беру қорының қаражаты есебінен тегін болады. Осылайша 7 326 бала демала алады.
Бүгін қала бойынша алғаш рет есігін ашқан этнолагерьлер мектеп ауласында тұрғызылған киіз үйде өтеді. Қадыр Мырза Әлі атындағы №88 мектеп-лицейінде де бүгін киіз үй тұрғызылып, оқушылар өз өнерлерін көрсетті. Одан бөлек балаларға құрақ құрау, ши тоқу, жүн түту, ұршықпен жіп иіру және ұлттық тағам түрлерін әзірлеу әдістері көрсетілді.
Аталған мектеп- лицейдің директоры Жанат Айтованың айтуынша, этнолагерьде ұлттық құндылықтар дәріптелетін болады.
Салтанатты жиында балалар ұлттық ойындар ойнап, ән айтып, лагерьдің алғашқы күнін есте қалатындай өткізді. Лагерь жетекшілері балаларды топқа бөліп, еркін тақырыпта асфальтқа суреттер салуды ұсынды.
-->Сауықтыру лагерінің ашылу салтанатына қалалық Білім басқармасының өкілдері, мұғалімдер, мектептің бастауыш және 5-8 сынып оқушылары, қонақтар мен ата-аналар қатысты.
Астана қаласы Білім басқармасының қосымша білім беру және тәрбие жұмысы бөлімінің бас маманы Мәдина Сүлейменованың сөзінше, елордада 206 мыңнан аса бала жазғы демалыспен қамтылады.
Бізде балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру жұмысы жыл басынан басталды. Елордада 206 мың 468 бала жазғы демалыспен қамтылатын болады. Жалпы балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру екі бағыт бойынша жүргізіледі – сауықтыру және жұмыспен қамту. Бірінші бағыт бойынша 97 мектеп жанындағы лагерь және оқушылардың мүдделері бойынша 75 бейіндік лагерь жұмыс істейтін болады. Сонымен қатар №43 қосымша білім беру мектеп-орталығында 720 баланы қамти отырып, 3 маусым мен 23 тамыз аралығында «Ақ желкен» спорт лагері жұмыс істейтін болады,- дейді Мәдина Сүлейменова.
Басқарма өкілінің айтуынша, биыл елорда мектеп жанындағы 20 этнолагерь ашылған.
Сондай-ақ 20 мектепте киіз үй орнатылған этнолагерьлер жұмыс істейді. Онда қазақтың ұлттық дәстүрі мен ойындары дәріптеледі. Бірінші бағыт бойынша 21 мектепте спорттық лагерь жұмыс істейтін болады. Онда жаттықтырушылардың көмегімен арнайы спорт алаңдарында балаларға спорт түрлері үйретіледі. Одан бөлек танымал спортшылармен кездесу өтеді,- дейді ол.
Сонымен қатар аз қамтылған отбасылардан шыққан балалар үшін лагерьлер жалпыға бірдей міндетті білім беру қорының қаражаты есебінен тегін болады. Осылайша 7 326 бала демала алады.
Балалардың еңбекпен қамтылуына тоқталатын болсақ, «Жасыл ел» бағдарламасы арқылы балалар мектеп ауласында бір ай бойы абаттандыру және көгалдандыру жұмысына қатысады және оларға жалақы төленеді. Жалпы 1 мыңнан аса бала бар. Сонымен қатар Еңбек мобильдігі орталығының бастамасымен 100 бала еңбекпен қамтылады. Мектеп оқушыларының болашақ мамандығына қатысы бар мекемеге апарып, жұмыс ұсынады. Одан бөлек қала бойынша өзге басқармаларда да мектеп оқушыларына арналған жүктемесі аз жұмыс орындары қарастырылған. Ол тек оқушының ата-анасының келісімі арқылы жүзеге асырылады,- дейді Білім басқармасының өкілі Мәдина Сүлейменова.
Бүгін қала бойынша алғаш рет есігін ашқан этнолагерьлер мектеп ауласында тұрғызылған киіз үйде өтеді. Қадыр Мырза Әлі атындағы №88 мектеп-лицейінде де бүгін киіз үй тұрғызылып, оқушылар өз өнерлерін көрсетті. Одан бөлек балаларға құрақ құрау, ши тоқу, жүн түту, ұршықпен жіп иіру және ұлттық тағам түрлерін әзірлеу әдістері көрсетілді.
Аталған мектеп- лицейдің директоры Жанат Айтованың айтуынша, этнолагерьде ұлттық құндылықтар дәріптелетін болады.
Бүгін ерекше сәттің куәсі болып отырмыз. Оқушылардың жазғы демалысын тиімді өткізу үшін мектеп жанындағы лагерьлер ұйымдастырылып отыр. Осыған орай біздің мектебімізде де «Елорда - бақытты балалық мекені 2024» тақырыбында лагерь ашылды. Біздің мақсатымыз этнолагерь арқылы ұлттық құндылықтарды дәріптеу. Онда этнографиялық тәрбие мен білім беру және салт-дәстүрі мен әдеп-ғұрыпты түсіндіріледі. Бүгінгі лагерьдің ашылу салтанаты балалардың лагерьге келуіне және белсенді қатысуына ықпал етеді деп үміттенемін,- деді мектеп-лицей директоры.
Салтанатты жиында балалар ұлттық ойындар ойнап, ән айтып, лагерьдің алғашқы күнін есте қалатындай өткізді. Лагерь жетекшілері балаларды топқа бөліп, еркін тақырыпта асфальтқа суреттер салуды ұсынды.