Астанада мәдениет саласының үздік қызметкерлері марапатталды
Астанада Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Оған еңбек сіңірген өнер және мәдениет қайраткерлері, сала қызметкерлері мен ардагерлер қатысты, деп хабарлады Elorda.info.
Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева өз сөзінде қызметкерлерді кәсіби мерекемен құттықтап, жоғары нәтижелері мен адал еңбектері үшін алғыс білдірді.
Министр Мемлекет басшысы саланы қарқынды дамытуға бағытталған бірқатар маңызды шешімдер қабылдағанын атап өтті.
Министр мәдениет саласының үздік 50 өкіліне «Еңбек ардагері», «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісін, грамоталар мен алғыс хаттар табыс етті.
Жалпы, кәсіби мереке құрметіне Мәдениет және ақпарат министрлігінің ведомстволық наградалары саланың 1 500 қызметкеріне табысталды.
Салтанатты шараға қатысушылар үшін «Ұлы Дала мұрасы» атты концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.
-->Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева өз сөзінде қызметкерлерді кәсіби мерекемен құттықтап, жоғары нәтижелері мен адал еңбектері үшін алғыс білдірді.
Министр Мемлекет басшысы саланы қарқынды дамытуға бағытталған бірқатар маңызды шешімдер қабылдағанын атап өтті.
2013 жылы елордадағы Опера және балет театры республикалық «Астана Опера» мемлекеттік театрына ауысқанда КСРО Халық әртісі атанған Күләш Байсейітованың есімі сақталып қалған жоқ. Оның есімін ұлықтау мақсатында Мемлекет басшысының бастамасымен Астанадағы Қазақ ұлттық өнер университетіне әйгілі әншінің есімі беріледі.
Өткен жылы Президент Жарлығымен Қ.Қуанышбаев атындағы академиялық қазақ музыкалық-драма театры мен «Әзірет Сұлтан» тарихи-мәдени музей-қорығына «Ұлттық» мәртебе берілді.
Қасым-Жомарт Кемелұлы осы жоғары мәртебені тағы үш жетекші музейге, атап айтқанда Ә.Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейіне, Орталық мемлекеттік музейі мен Ұлттық музейге берілетінін айтты. Аталған музейлер ондаған жылдар бойы өздерінің ағартушылық миссиясынан таймай, ауқымды жұмыс атқарды.
Мемлекет басшысының аталған шешімдері саланың одан әрі қарқынды дамуына тың серпін береріне сенімдімін, – деп атап өтті Аида Балаева.