Елорда жаңалықтары

Астанада мас күйінде көлік басқарған 45 жүргізуші сотталды

Астанада жыл басынан бері көлік басқару құқығынан айырылса да ішімдік ішіп, рөлге отырған 45 адам сотталды, деп хабарлады Elorda.info қалалық прокуратураға сілтеме жасап.

Биыл сот шешімімен көлік басқару құқығынан айырылғанына қарамастан, мас күйінде қайтадан рөлге отырған 45 жүргізуші сотталды. Олардың бірі көшеде жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Сот бұл азаматты жүргізуші куәлігінен өмір бойына айыра отырып, 5 жылға соттады.

-->

«Көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін 20 тәулікке қамауға алу және 7 жылға жүргізуші куәлігінен айыру түріндегі әкімшілік жаза көзделген. Сонымен қатар көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкоголь, есірткі қабылдаған, мас болып көлік жүргізген немесе ішімдік ішкен адамға көлігін беретіндерге де қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. Мұндай жағдайда жүргізуші куәлігінен айырылып, 10 жылға дейін сотталады», - деді Астана қаласының прокуратурасының баспасөз қызметі.