Елорда жаңалықтары

Астанада мүмкіндігі шектеулі балаларға қандай ұйымдар көмек көрсетеді?

Астана қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы басшысының орынбасары м.а. Азамат Оспанов мүгедектігі бар балалар мен ересектерге арнаулы әлеуметтік қызметтердің көрсетілуі туралы мәселені қозғады, деп хабарлады Elorda.info.

Ведомство өкілінің айтуынша, басқарма жыл сайын мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету бөлігінде үкіметтік емес ұйымдарды қаржыландыруды жүзеге асырады.

Ол сөзін жалғай отырып, арнаулы әлеуметтік қызметтер алу үшін мүмкіндіктері шектеулі балаларды («Балам-ай» мүгедек балаларды қолдау қайырымдылық қоры» ҚҚ, «Erekshe Analar» ҚҚ, «Астана қаласының мүгедек балалар қоғамы» ҚБ, «Орда» Астана қаласының аутизмі бар балалар ата-аналарының бірлестігі» ҚБ, «Береке Астана мүгедектер бірлестігі» ҚБ, «Солнечный мир» ҚҚ) Оңалту орталықтарына жолдау жоғарыда көрсетілген стандартқа сәйкес жүргізілетінін тілге тиек етті.

-->

Ведомство өкілінің айтуынша, басқарма жыл сайын мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету бөлігінде үкіметтік емес ұйымдарды қаржыландыруды жүзеге асырады.

Аталған мекемелер мынадай бағыттар бойынша бөлінеді:

психоневрологиялық патологиясы бар балалар (оның ішінде Даун синдромы), аутизм спектрі бұзылған балалар және тірек-қимыл аппараты бұзылған балалар аталған мекемелермен жыл сайын 1 900-ден астам адам қамтылады.

Бүгінгі күні қалада ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін 8 үкіметтік емес ұйым жұмыс істейді. Орталықтарда әзірленген стандарттар шеңберінде қызметтердің толық кешені көрсетіледі, қосымша балалар бассейнге барады және иппотерапия бойынша сабақтар өткізіледі, - дейді Азамат Оспанов.