Астанада мәдениет саласының үздіктері марапатталды
Астана қаласының әкімдігінде мәдениет саласының қызметкерлері «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен, «Құрмет» грамотасымен және Алғыс хатпен марапатталды, деп хабарлады Elorda.info қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Марапаттау рәсіміне Астана қаласы әкімінің орынбасары Есет Байкен қатысып, құттықтау тілегін білдірді.
«Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің иегерлері:
- «Мәдени іс-шараларды өткізу дирекциясы» МКҚК директоры Бағдат Бекмадина;
- «Е.Рахмадиев атындағы мемлекеттік академиялық филармония» МКҚК көрермендерге қызмет көрсету бөлімінің жетекшісі Халида Былкилова;
- «М.Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрының» МКҚК актрисасы Ульяна Штильман;
- «Жастар» сарайы» МКҚК қойылым қызметінің меңгерушісі Мұрат Аманжолов;
- «Ә.Мәмбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театры» МКҚК көркемдік құрам бөлімінің костюм бойынша суретшісі Нұржамал Шалжанова;
- «Наз» мемлекеттік би театры» МКҚК тігу-реставрациялық цехінің меңгерушісі Гүлнәр Айсақова.
«Құрмет» грамотасының иегерлері:
- «Астана қаласының Мәдениет басқармасы» ММ мәдени-демалыс қызметін ұйымдастыру бөлімінің басшысы Салтанат Муксимова;
- «М.Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрының» МКҚК актрисасы Полина Харламова.
Алғыс хат иегерлері:
- «Наз» мемлекеттік би театры» МКҚК балет әртісі Әйгерім Байкарина;
- «Жастар» сарайы» МКҚК дыбыс инженері Иван Биндюк.

Баршаңызды өткен ұлттық мерекеміз – Республика күнімен құттықтаймын! 23 жыл бұрын 25 қазанда «Егемендік туралы» декларация қабылданып, еліміз тәуелсіздікке бет бұрып, азат болудың алғышарты жасалды. Рухы биік, намысы берік ата-бабаларымыз ғасырлар бойы армандап өткен тәуелсіз ел болу мәртебесін көру – бүгінгі ұрпаққа бұйырған зор бақыт.
Елорданың мәдениет саласының дамуына, рухани байлығымыздың еселене түсуіне өлшеусіз үлес қосып жүрген қаламыздың мәдениет қызметкерлеріне зор алғысымды білдіремін! Сіздерге сарқылмайтын шабыт, өнер жолында шығармашылық табыс, отбасыларыңызға бақ-береке тілеймін! - деді Есет Байкен.