Елорда жаңалықтары

Астанада «Мәдениет: Кітап. Білім. Тіл» фестивалі өтеді

Елордада мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай «Мәдениет: Кітап. Білім. Тіл» фестивалі өтеді, деп хабарлады Elorda.info.

Бұл іс-шара мәдениет пен өнер адамдарын, кітапхана саласында қажырлы қызмет жасап жүрген мамандарды қолдау мақсатында өткізіледі.

Мұнда ҚР Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов өңірлерден келген үздік кітапхана қызметкерлері мен еліміздің түкпір-түкпірінен келетін ардагер кітапханашыларды мәдениет саласының жоғары наградаларымен марапаттайды.

Фестиваль аясында «Кітап оқу – жетістік трамплині» атты NetWorking ұйымдастырылады. Оған жазушылар, журналистер, редакторлар мен кинорежиссерлер қатысады.  Бағдарламада «BOOKS-TOP» кітапхана мен баспалардың көрме-жәрмеңкесі, антикварлық, қолтаңбалар және жаңа кітаптар көрмесі, аrt-шеберлік сағаттары, балалар павильонында  түрлі  кездесулер, қойылымдар өтеді. Ашық диалогта  жазушы-баспагерлер ұлттық құндылықтарды арттырудың заманауи тәсілдерін талқыға салады. Тәжірибелі тренерлер кітапханалық медиа жобалар, медиасауаттылық, мобилография және SMM-технологиялары, TikTok контенттерін әзірлеу сынды өзекті тақырыптарды қозғайды.  Сала дамуына қатысты маңызды мәселелер  «QUIZ» интеллектуалдық алаңында жалғасады.  Өңірлерден келген кітапханашылар тәжірибелік кейстерімен бөліседі. 

-->