Астанада LRT 2026 жылдың басында іске қосылады – Жеңіс Қасымбек
Бұл туралы Астана қаласы әкімі Жеңіс Қасымбек Ақорданың кулуарында айтты, деп хабарлады Elordainfo.kz.
«Қыркүйек айында біз техникалық іске қосуды жоспарлап отырмыз. Әрі қарай 3 айдан 6 айға дейін іске қосу-жөндеу жұмыстары жүргізілуі тиіс. Жыл аяғына дейін аталған жұмыстар аяқталады деп ойлаймыз. Қосымша келер жылдың қаңтар-ақпан айы қосылуы мүмкін. Бірақ келесі жылдың бірінші тоқсаны соңында жолаушылар LRT қызметін пайдалана алады», - деді Ж.Қасымбек.