Елорда жаңалықтары

Астанада «Өлең – сөздің патшасы» поэзия кеші өтеді

Астанада «Тіл – халық мұрасы» атты Қазақстан халқы тілдерінің қалалық фестивалі аясында «Өлең – сөздің патшасы» поэзия кеші өтеді, деп хабарлады Elorda.info қалалық әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап.

Іс-шараны Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы  ұйымдастырып отыр. 

Кештің мақсаты – елордадағы жазба ақындардың ана тілі туралы жырларын көпшілікке таныту.

Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеріп, ұлттық құндылықтарды дәріптеу.

«Өлең – сөздің патшасы» атты поэзия кеші Әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайында 21 қыркүйек күні сағат 16:00-де өтеді.

Поэзиялық кеште үздік 15 ақын өз шығармашылығын дүйім жұртқа паш етеді. Олар: Олжас Қасым, Қарлығаш Қабай, Батырхан Сәрсенхан, Ботакөз Мұхиден, Біржан Ахмер, Арман Шеризат, Айдана Сегізбаева, Бекзат Құлшар, Жантас Еркін, Дәулет Телман, Айдын Байыс, Аян Мейраш, Алпамыс Файзолла, Айзада Рақымжанова және Ажар Ерболған.

Қазылар алқасының шешімімен үздік деп танылған жеңімпаздарға және қорытынды кезеңге өткен әрбір қатысушыға ұйымдастырушылар тарапынан арнайы дипломдар мен бағалы сыйлықтар қарастырылған.

-->