Елорда жаңалықтары

Астанада Конституция күніне орай бәйгеден аламан жарыс өтті

Бүгін Астана қаласындағы «Қазанат» ипподромында бәйгеден Қазақстан Республикасының Конституция күніне орай жарыс өтті деп, хабарлады Elorda info.

Чемпионатты Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен Астана қаласы Ұлттық және олимпиадалық ат спорты түрлері Федерациясы ұйымдастырды.

Жарысты тамашалауға Астана қаласының Ұлттық және Олимпиадалық ат спорты түрлері Федерациясының президенті Ерлан Каналимов, Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасы ММ басшысы  Самат Жылқыбаев пен ҚР Мәжіліс палатасының депутаты Қарақат Абден арнайы келді.

Салтанатты шарада сөз алған Астана қаласының Ұлттық және Олимпиадалық ат спорты түрлері Федерациясының президенті Ерлан Каналимов барша жанкүйерлерді Конституция күнімен құттықтады.

Турнирге еліміздің бірнеше өңірінен 50-ге жуық тұлпар қатысып, «Ұшқыр бәйге», «Топ бәйге», «Аламан бәйге» бойынша сайысқа түсті. Жарыстың жүлде қоры – 19 500 000 теңгені құрады.

Жарыс нәтижелеріне келер болсақ:

«Ұшқыр бәйге» 2,4 шақырым (5 қатысушы)

1-орын. Аслан Байкенов «Олжахан» есімді тұлпар (Павлодар облысы)

2-орын. Алина Колесникова «След» есімді тұлпар (Ақмола облысы)

3-орын. Дмитрий Волков «Дон Свифт» есімді тұлпар (Ақмола облысы)

«Топ бәйге» 18 шақырым (21 қатысушы)

1-орын. Абзал Тұрғанбеу «Хан тәңірі» есімді тұлпар (Алматы қаласы)

2-орын. Исламнұр Ертас «Бақторы» есімді тұлпар (Астана қаласы)

3-орын.  Тимур Харитон «Ақбақай» есімді тұлпар (Астана қаласы)

«Аламан бәйге» 25 шақырым (20 қатысушы)

1-орын. Мирас Нағашыбай «Шығырай» есімді тұлпар (Алматы қаласы)

Э2-орын. Ертөс Исламнұр «Сарыарқа» есімді тұлпар (Астана қаласы)

3-орын. Бекзат Ділдәхан «Байқара» есімді тұлпар (Астана қаласы)

4-орын. Арнұр Саматұлы «Тамаша» есімді тұлпар (Жамбыл облысы)

5-орын. Абзал Тұрғанбек «Тойбастар» есімді тұлпар (Астана қаласы)

Іс-шара соңында қатысушылар арасында лоторея ойнатылып, сыйақылар берілді.

Қанат Байұзақов

-->

Баршаңызды бүгінгі еліміздің егемен ел болуына, заңды мемлекетке айналуына, демократиялық дамуына негіз болған ата заңымыз Конституция күнімен құттықтаймын!

Ерекше мерекеге орай, елорда төрінде ұйымдастырылған бәйгеден республикалық турнирге қош келдіңіздер! Бәйге дегенде ішкен асын жерге қоятын, қолайсыз ауа-райына қарамастан, ұлттық спортымызға жанкүйерлік танытуға келген сіздерге алғысым шексіз!

Бұл спорт түрін дамытуға президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев ерекше көңіл бөліп отыр. Өздеріңіз білетіндей, «Қазанат» ипподромында әр жыл сайын 10-15 шара өткізу дәстүрге айналды. Бүгінгі турнирге 11 өңірден 50-ге тарта арғымақ бақ сынамақшы.

Барша шабандозға жеңіс мәресінде көрінуге тілектеспін!,— деді ол.