Елорда жаңалықтары

Астанада Конституция күніне орай эстрада жұлдыздарының мерекелік концерті өтеді

30 тамыз – ҚР Конституциясы күні аясында Орталық саябақтағы Амфитеатрда эстрада жұлдыздарының қатысуымен ашық аспан астындағы мерекелік концерт өтеді, деп хабарлады Elordainfo.kz қалалық әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап.

Мерекелік кеште Жұбаныш Жексен, «Нұрлан мен Мұрат», Маржан Арапбаева, Әділет Жауғашар, Зарина Омарова, «ДОС», Құрал Молжан, МұхаммедАли Жүгінісов, Әбілхайыр Жексен, «akimmmich», «AYKA» «VID MEN» тобы, «Бәйтерек» тобы сияқты және басқа да эстрада жұлдыздары өнер көрсетеді.

Мекенжайы: Тұран даңғылы 2/6, Амфитеатрдың сыйымдылығы 1 700 орын.

Басталуы: сағат 18:00.