Астанада конкур бойынша ел кубогы өтеді
Бұл іс-шара конкурдан еліміздің мықты спортшыларының басын қосатын, әрі Қазақстанның ат спорты күнтізбесіндегі маңызды шаралардың бірі саналады, Elordainfo.kz.
Жарысқа еліміздің әр өңірінен шамамен 30 спортшы қатысады деп жоспарланып отыр. Олар екі санатта жарысып, түрлі биіктіктегі (120-ден 145 см-ге дейінгі) алты түрлі бағыттарды бағындырады.
Іс-шара Халықаралық ат спорты федерациясының (FEI) халықаралық стандарттарына толық сәйкес ұйымдастырылып, әділ бағалау мен жоғары деңгейдегі төрешілікті қамтамасыз етеді.
Жүлде қоры — 2 млн теңге. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер кубокпен, дипломмен және ақшалай сыйлықпен марапатталады.
Конкур бойынша Қазақстан Республикасы кубогы – тек спорттық жарыс қана емес, сонымен қатар елде ат спортының дамуына бағытталған маңызды алаң. Жарыстың негізгі мақсаты – ұлттық құрама спортшыларының шеберлігін арттыру, болашағы бар шабандоздар мен тұлпарларды анықтау және конкур жарысын кеңірек насихаттау.