Елорда жаңалықтары

Астанада конкур бойынша Қазақстан Республикасы кубогі басталды

20-22 маусым аралығында «Арғымақ» АССК базасында ат спорты күнтізбесіндегі маңызды жарыстардың бірі – конкурдан Қазақстан Республикасының (кедергілерден өту) кубогі өтіп жатыр, деп хабарлады Elordainfo.kz ҚР Ат спорты федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен Алматы облысының 30-дан астам спортшылары бірнеше сайыс түрінде жүлдені сарапқа салады. Қатысушылар 120-дан 145 см-ге дейінгі әртүрлі күрделілік деңгейіндегі алты бағытта өз шеберліктерін көрсететін болады.

Бүгін алғашқы жарыс күні спортшылар 120 және 130 см биіктіктегі кедергілерден өтті. Алғашқы бағыттар бойынша нәтижелер:

120 см:

1-орын – Нурила Турисбекова – Цендер де Реве тұлпарымен

2-орын – Жасұлан Байтаев – Кэшмэйкер

3-орын – Бекжан Байжанұлы – Кинг Диаманд

130 см:

1-орын – Шыңғыс Маликаждар – Несме

2-орын – Ислам Исламов – Барсалла Д Лорен

3-орын – Бекжан Байжанұлы – Кинг Диаманд

ҚР Кубогының жүлде қоры – 2 миллион теңге. Алдағы екі күнде қатысушылар 125-тен 145 см-ге дейінші бағыттар бойынша жарыстарда бақ сынамақ. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге кубоктар, дәрежесіне сәйкес дипломдар және ақшалай сыйлықтар табысталады.

Конкур бойынша ҚР кубогы мықты спортшыларды ұлттық құрамаға іріктеуге бағытталған маңызды кезең болып табылатынын атап өткен жөн.

БАҚ-ты аккредиттеу: +7 705 185 6366, +7 777 483 9118