Астанада қоғамдық көліктің 17 бағдарының кестесі ұзартылды
Астанада жолаушы тасымалдайтын 17 бағдардың, яғни №3, 8, 9, 10, 13, 15, 17, 18, 20, 23, 27, 30, 32, 35, 44, 59, 84 кешкі уақыттағы кестесіне айналымдар қосылды, бұл көрсетілген бағдарлардың жұмыс уақытын ұзартуға мүмкіндік берді, деп хабарлады Elorda.info қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Қазіргі уақытта Астана қаласы қоғамдық көлігінің жұмысы сағат 06:00-ден 23:30-ға дейін жүзеге асырылады.
CTS мәліметінше, сағат 23:30 бағдардың соңғы аялдамаларда жұмыс уақыты – толық аяқталатын уақыты.
Мысалы, соңғы аялдамаларының бірінен бағдар сағат 21:50-де шықса, және маршрутты жүріп өтуіне 1,5 сағат уақыт кететін болса, оның келесі соңғы аялдамадағы жұмысы сағат 23:30 аяқталады.
Бағдарлардың жүру кестесі мен айналым уақыттары әртүрлі екенін ескере отырып, соңғы аялдамалардағы бағдарлардың жұмысы әртүрлі аяқталатынын ескеру маңызды.
Тұрғындардан сапарды жоспарлау кезінде осыны ескеруді сұрайды.
Жақын арада түнгі бағдарлар іске қосылады. Олардың іске қосылу күні туралы қосымша хабарланады.
Қоғамдық көлік қызметін жақсарту бойынша жұмыстар жалғасады.
-->