Елорда жаңалықтары

Астанада қоғамдық көліктер 85%-ға жаңартылды

Елордада биыл сатып алуға жоспарланған 310 автобустың 140-ы пайдалануға берілді. Жыл басынан 14 бағытқа «Yutong», «Golden Dragon» және «Higer» маркалы жаңа автобустар шығарылды, деп хабарлады Elorda.info.

Айта кетейік, барлық автобус 2023 жылы шығарылған, Euro5 экологиялық класына жатады. Климат-бақылау, қозғалысы шектелген жолаушыларға арналған пандус, арбаларға арналған орын және ерекше қажеттілігі бар жолаушылар үшін белгіленген орындар қарастырылған.

Автобус едені түгел тегіс, терезелері екі қабатталған. Жыл соңына дейін тағы 170 автобус жеткізіледі.
 
-->

№3 автобус паркі 15 жаңа автобус сатып алып, оларды №12, 46, 50 және 64 бағыттарға жіберді; №6 автопарк та 15 автобуспен толығып №45 маршрутты жаңартты; «AБИ-Astana» №29 бағытқа 5 автобус қосты; №7 автобус паркі 5 автобус алып, оларды №26 және №47 маршруттарға шығарды; №1 автобус паркі ең көп автобустарды алды – 100 бірлік. Су жаңа көліктер №3, 5, 13, 18, 54, 60, 61 және 72 бағыттарды жаңартты, - делінген «City Transportation Systems» ЖШС хабарламасында.