Астанада қоғамдық көлікте жол жүру ақысы қымбаттайды
Астанада қоғамдық көлікте жол жүру құны 1 тамыздан бастап 90 теңгеден 110 теңгеге дейін артады. Қалалық маршруттарда жол жүруге 90 теңге тариф 2014 жылдың қыркүйегінде белгіленді, деп хабарлады Elorda.info.
Бұған дейін қаулы жобасы ашық НҚА порталында жария талқылауға шығарылған болатын.
Айта кету керек, Астанада және қала маңында оқитын 18 жасқа дейінгі балалар үшін қоғамдық көлікте жол жүру 2020 жылдың наурыз айынан бастап тегін ұйымдастырылып келеді. Міндетті шарт – мектептің көлік картасының болуы және оны автобуста валидация өткізу.
Сондай-ақ келесі санаттарға жататын азаматтар жеңілдікке ие:
1) Екінші дүниежүзілік соғыстың қатысушылары мен мүгедектері және оларға теңестірілген адамдар;
2) жасы және еңбек сіңірген жылдары бойынша зейнеткерлер, сондай-ақ жасы бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша зейнеткерлік жасқа толған мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылар;
3) көпбалалы аналар;
4) көпбалалы отбасылар;
5) мүгедектер;
6) он сегіз жасқа дейінгі мүгедек балалар, оның ішінде ата-аналарының бірі (заңды өкілдері).
7) «Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын оңалту туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен ақталған 1986 жылғы 17-18 желтоқсандағы Қазақстандағы оқиғаларға қатысушылар қатарынан саяси қуғын-сүргін құрбандары.
-->Астанада қоғамдық көлікте жол жүру құны 1 тамыздан бастап 90 теңгеден 110 теңгеге дейін артады. Қалалық маршруттарда жол жүруге 90 теңге тариф 2014 жылдың қыркүйегінде белгіленді, деп хабарлады Elorda.info.