Астанада кинотеатрға келушілер өздеріне ескерту жасағандарды соққыға жықты
Бұл туралы Астана қаласының прокуратурасы мәлімдеді, деп хабарлады Elordainfo.kz.
«Екі азамат өтуге арналмаған кинозалдың орындығынан аттап өткенде келушілер ескерту жасаған. Кейін бұзақылар ескерту жасаған екі келушіге соққы жасаған. Осылайша олар қоғамдық тәртіпті бұзған. Сараптама қорытындысына сәйкес жәбірленушілердің денсаулығына жеңіл зиян келтірілген. Сот үкімімен кінәлі тұлғалардың әрқайсысы 2 жылға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ оларға пробациялық бақылау белгіленді және жыл сайын 100 сағат мәжбүрлі еңбекке тартылады. Олардан әрбір жәбірленушінің пайдасына 2 млн теңге шамасында материалдық және моральдық залал өндірілді», - деп жазылған хабарламада.
Үкім заңды күшіне енді.
«Астана қаласының прокуратурасы азаматтарды қоғамдық тәртіпті сақтауға, құқық бұзушылықтарға төзбеушілік танытуға, олардың алдын алуға және осындай фактілер туралы құқық қорғау органдарына дереу хабарлауға шақырады», - деп жазылған хабарламада.