Астанада әкімшілік ғимараттан өрт шықты
Астананың Байқоңыр ауданында орналасқан қос қабатты әкімшілік ғимараттан өрт шықты, деп хабарлады Elorda.info.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметіне қарағанда өрттің аумағы 50 шаршы метрді құраған.
-->Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметіне қарағанда өрттің аумағы 50 шаршы метрді құраған.
«Елордалық өрт сөндірушілер өртті сөндірді. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ», - делінген хабарламада.