Астанада әкім грантымен оқу бітірген түлектер жұмысқа орналасты
Астана қаласы әкімінің грантымен оқуын тәмамдаған түлектер мамандығы бойынша жұмысқа орналасты, деп хабарлады Elorda.info қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Өз кезегінде жас маман Жанар Оспанова әкім гранты бойынша былайша ой бөлісті.
Айта кетейік, Астана әкімдігі 2018 жылдан бастап жыл сайын жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға білім гранттарын бөледі. 2022 жылдан бастап қала әкімдігінің гранты бойынша оқыған 338 педагог қабылданды.
Қазіргі уақытта жас мұғалімдер елорданың білім беру ұйымдарында еңбек етіп жүр.
-->
11-сынып оқып жүргенімде ұстаздық жолды таңдап, осы бағытта іздендім. Мектептегі ұстаздарымның жол көрсетуімен Астана қаласы әкімінің грантына қатысып көрдім. Осылайша конкурсқа құжаттарымды тапсырып едім, 2019 жылы грант иегері атандым. Сол жылы ЖОО табалдырығын аттап, биыл оқуымды тәмамдадым. Грант бойынша оқысам жұмыс та болатыны айтылды. Жаратылыстану, биология пәндері бойынша сабақ беремін.
Алда келе жатқан Ұстаздар күнімен әріптестерімді құттықтаймын! Еңбегіміз табысты болсын! - дейді С.Сейфуллин атындағы №80 мектеп-гимназиясының мұғалімі Серік Ерланұлы
Өз кезегінде жас маман Жанар Оспанова әкім гранты бойынша былайша ой бөлісті.
2018 жылы Павлодар педагогикалық университетіне биолог мамандығы бойынша оқуға түстім. Әкім гранты бізді мамандығымыз бойынша оқуға түсіп, өзімізді маман ретінде қалыптастыруда алдымызға үлкен жол ашты. Қазір С.Сейфуллин атындағы №80 мектеп-гимназиясында ұстаз болып еңбек етіп жүрмін. Осы жолда білім алып, еңбектенуімізге мүмкіндік бергені үшін алғысым шексіз. Ұстаздар қауымын келе жатқан кәсіби мерекемізбен құттықтаймын! - деді Жанар Оспанова.