Астанада киберқауіпсіздік мәселесі талқыланды
Астанада "Касперский зертханасы" киберқауіпсіздік мәселелері бойынша Kaspersky cyberday панельдік сессиясын өткізді, деп хабарлады Elorda.info.
Еуразия ұлттық университетінде өткен кездесуде мемлекеттік және білім беру құрылымдары өкілдері Қазақстандағы киберқауіпсіздіктің өзекті аспектілері туралы панельдік пікірталас өткізді. Шараға 500-ден астам тыңдаушы қатысты. Оның ішінде ЖОО оқытушылары мен басқа да мекеме ғалымдары, студенттер, IT-мамандар бар.
ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Astana IT University және "Касперский зертханасының" өкілдері кадрларды даярлаудың өзекті тақырыптарын ортаға салды. Негізінен бизнес пен өнеркәсіптік ортадағы киберқорғау стратегиялары талқыланды. Қатысушыларға киберқауіпсіздіктегі мансаптық болашақ туралы айтылды, сондай-ақ IT - де жұмыс істеу үшін кәсіби дағдыларды дамыту бойынша кеңестер берілді.
Жиынға қатысушы спикерлердің пікірінше, IT-саланы дамытуға бағытталған іс-шараның пайдасы зор.
Айта кетейік, "Касперский зертханасы" - 1997 жылдан бастап ақпараттық қауіпсіздік және цифрлық құпиялылық саласында жұмыс істейтін халықаралық компания. "Касперский зертханасы" технологиялары бүкіл әлем бойынша 400 миллионнан астам қолданушылар мен 220 мың корпоративтің ақпараттық қауіпсіздігін қорғайды.
-->Еуразия ұлттық университетінде өткен кездесуде мемлекеттік және білім беру құрылымдары өкілдері Қазақстандағы киберқауіпсіздіктің өзекті аспектілері туралы панельдік пікірталас өткізді. Шараға 500-ден астам тыңдаушы қатысты. Оның ішінде ЖОО оқытушылары мен басқа да мекеме ғалымдары, студенттер, IT-мамандар бар.
ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Astana IT University және "Касперский зертханасының" өкілдері кадрларды даярлаудың өзекті тақырыптарын ортаға салды. Негізінен бизнес пен өнеркәсіптік ортадағы киберқорғау стратегиялары талқыланды. Қатысушыларға киберқауіпсіздіктегі мансаптық болашақ туралы айтылды, сондай-ақ IT - де жұмыс істеу үшін кәсіби дағдыларды дамыту бойынша кеңестер берілді.
"Бұл панельдік пікірталас IT саласына қызығушылық танытқан мамандарға, атап айтқанда, оқытушылар мен студенттерге өзара киберқауіпсіздік трендтері туралы құнды ақпаратпен алмасуға мүмкіндік берді. Kaspersky cyberday алаңындағы күн тәртібі мемлекеттің отандық нарықта ақпараттық технологияларды дамыту жөніндегі өзекті стратегиясымен ойдағыдай үндесетіні маңызды. Мысалы, ел Президентінің 100 мың IT маманын оқыту туралы соңғы мәлімдемесі біздің IT-дегі мансаптық болашағымызға қатысты талқылауларымызда қолдау тудырады", - деді" Касперский зертханасының " мемлекеттік органдармен байланыс жөніндегі менеджері Қайыржан Әбдірахманов.
Жиынға қатысушы спикерлердің пікірінше, IT-саланы дамытуға бағытталған іс-шараның пайдасы зор.
"Біздің елімізде IT-саланы дамытуға бағытталған осындай іс-шаралардың белсенділігі артқаны өте жақсы. Мен бүгін жастармен сөйлестім, олар өздері үшін көп нәрсе білуге мүмкіндік алды. Меніңше кездесу барлығына пайдалы болды. Мемлекет біздің студенттердің заманауи технологияларға жоғары білікті болуын қамтамасыз етіп отыр. Нәтижесінде олар әлемдік нарықта жоғары бәсекеге қабілетті болады. Сондықтан жастарды осы бағытта оқыту маңызды", - деп атап өтті ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Ақпараттық қауіпсіздік комитетінің киберқауіпсіздікті дамыту және әкімшілік жұмысты дамыту басқармасының басшысы Ерболат Қалим.