Елорда жаңалықтары

Астанада келіндер сайысы өтті

Елордадағы Алматы ауданы ардагерлер кеңесі ұжымы Наурыз айын Отанымыздың  болашақ үміті балғын балапандар және  жастарға білім нәрін құйып жатқан мектеп ұжымдарымен  бірлесіп өткізілген тәрбиелік мәні зор ауқымды іс-шаралармен бастады, деп хабарлады Elorda.info

Алғашқы болып Интернациональный тұрғын кешеніндегі Р.Қошқарбаев атындағы №44 мектеп ұжымы, сол ауылдағы «Қайсар» бастауыш  ардагерлер ұйымының төрайымы Қоразова Майра апайдың ұйымдастыруымен «Жақсы келін-ырысың» атты келіндер сайысын өткізді. Сайысқа №42, №43, №44 ші мектептер мен «Дәурен», «Арай» бала бақшаларынан ұстаздар мен тәрбиешілер қатысты. 

Қатысушылар бес сатылық талап бойынша өз өнерлерін ортаға салып, сайысты ұтымды өлең шумақтарымен, шебер де, әдемі театрланған қойылымдарымен акті залында тола отырған көрермендер назарын өздеріне баурап алды. Әсіресе қазақ халқының қонақ күту дәстүрін ерекше бағалаған келіндер, ұлттық тағамның түр-түрін жайнатты. Тәрбиелік мәні зор, танымдылық сипатқа бай бұл іс-шараға арнайы қатынасқан Алматы ауданы ардагерлер кеңесінің төрағасы Марат Мұстафин мен «Аманат» партиясының Алматы ауданы бойынша атқарушы дирекоры Б.Әлиярова өздерінің жүрек жарды тілектерін ортаға салып, «Ұрпақтар сабақтастығына» негіз болар бұндай іс-шаралардың қажеттілігін айтты. 

Наурызнама күн тізбесінің екінші күні Алматы ауданы ардагерлер кеңесінің мүшелері Раушан Искакова, Манап Әдірешев және аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің маманы Айбын Айдынұлы Ахмет Байтұрсынов атындағы №48 мектепке ат басын тіреп, тәрбиелік мәні зор іс-шараның куәсі болды. Тақырыбы «Қыз көркем-өмір мектебі» деп аталынған бұл сынып сағатында мектеп ұстазы Бейбіткүл Марксқызы Наурыз мерекесінің 10 күндігіне арналған күнтізбеге сипаттама берді. Көгілдір түсті ұлттық киімге оранған оқушылар Наурыз туралы тақпақ оқып, домбырамен күй тартып, би билеп сынып сағатының сәнін келтірді. Сынып сағаты  ұлтымыздың салт-дәстүрлерінің көнеден келе жатқан жоралғыларының бірі бесікке салу дәстүрін театрландырылған көрініспен жалғасты. «Бесікке салу» дәстүрін өткізуші ұстаз, оқушыларға бесіктің ағаштан жасалатынын, нәрестенің жылы жатуына ыңғайлы көрпе, жастықтары, тоғыз жамылғы қеректігін айтып, адыраспанмен аластап, жасауды көтеріп, түбек байлайтын тесіктен «тыштыма» жорлағысын жасады. 

Мектептің тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Қаракөз Сәрсенбекова, мұндай ұлттық салт-дәстүрді насихаттайтын шаралар тек мерекеге орай емес, мектептің жыл бойғы оқу жоспары аясында өтіп тұратынын айтты. 

Ауданда  Наурызнама онкүндігі әр күн сайын тағылымды да тартымды іс-шаралармен жалғаса бермек.   

                                                                                                                                            Манап Әдірешев

Алматы ауданы ардагерлер кеңесі 

                                                                                                                         медиа тобының жетекшісі                                                                                                            

-->

Бұндай ұлттық құндылықтарымызды жаңғырту бағытында өткізілетін іс-шаралар жыл бойы бүкіл оқу-тәрбие жұмысында қамтылған. Әсіресе Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың талабы бойынша Наурыз мейрамын өткізудің он күндік күнтізбесі көңілімізден шығып, бүкіл мектеп сыныптарына тапсырмалар беріліп, күн сайын іс-шаралар өткізбекпіз-деп атап өтті Қ. Сәрсенбекова.