Астанада күзгі әскери-патриоттық дала жиыны өтеді
Астанадағы десанттық шабуылдаушы әскери бөлімінде жалпы орта білім беретін мектептердің үздік Жас Сарбаз тәрбиеленушілерінің қатысуымен «Жас Сарбаз – патриоттар мекені» күзгі әскери-патриоттық дала жиыны өтеді, деп хабарлады Elorda.info.
Бұл іс-шара Астана қаласы әкімдігі, «Жастар саясаты мәселелері» басқармасы, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің Ұлттық әскери-патриоттық орталығының және Астана қаласы қорғаныс істері департаментінің қолдауымен «Жас Сарбаз» жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы РҚБ Астана қалалық филиалы ұйымдастырады.
Іс-шара барысында нағыз әскери өмірдің қыр-сырлары жас өреңдерге таныстырылып, патриоттық тәрбиелелуге бағытталған жарыстар өткізіледі. Мұны елордалық «Жас Сарбаз» тәрбиеленушілері асыға күтеді. Өйткені күзгі мезгілдегі әскери және спорттық іс-шара барысында үздік «Жас Сарбаздықтар» анықталады.
Аталмыш іс-шараның ашылуына Астана қаласы «Жастар саясаты мәселелері» басқарма басшысы Қайрат Қамбаров, сенат және мәжіліс депутаттары, «Жас Сарбаз» жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы РҚБ төрағасы Меирбек Мендыгалиев, «Жас Сарбаз» жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы РҚБ Астана қалалық филиалының төрағасы Асхат Налшыбек, сондай-ақ олимпиада чемпиондары мен эстрада жұлдыздары қатысады.
-->Бұл іс-шара Астана қаласы әкімдігі, «Жастар саясаты мәселелері» басқармасы, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің Ұлттық әскери-патриоттық орталығының және Астана қаласы қорғаныс істері департаментінің қолдауымен «Жас Сарбаз» жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы РҚБ Астана қалалық филиалы ұйымдастырады.