Астанада көрнекті хирургтың 100 жылдығына орай халықаралық конференция ұйымдастырылды
Астана медицина университетінде Германия, Әзірбайжан, Қырғызстан және Өзбекстан ғалымдарының қатысуымен «Хирургия және медициналық білім берудің таңдаулы мәселелері» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтуде, деп хабарлады Elorda.info.
Іс-шара көрнекті ғалым, хирург, Қазақстанның еңбек сіңірген дәрігері, Қазақстанның хирургиялық және травматологиялық мектебінің негізін қалаушылардың бірі, профессор Гилен Цойдың 100 жылдығына арналған.
Конференцияның шеңберінде Гилен Цойдың құрметіне ескерткіш тақта ашылды, оның туыстары, достары, шәкірттері, Денсаулық сақтау министрлігінің басшылығы, академиктер, ғалымдар мен қоғам қайраткерлері қатысты.
Конференцияның негізгі мақсаты - шұғыл хирургиялық қызметті ұйымдастырудың өзекті мәселелерін, шұғыл хирургия мен травматологияда инновациялық әдістер мен технологияларды қолдануды, сондай-ақ медициналық білім берудің заманауи әдістерін талқылау.
Форум барысында Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық көмекті ұйымдастыру департаментінің басшысы Азамат Дүйсенов сәуір айында бекітілген хирургиялық көмекті ұйымдастырудың жаңа стандарты туралы айтты.
Конференция хирургиялық көмек көрсетудің жаңа тәсілдерін талқылауға арналған алаң болып табылады және елдердің арасындағы денсаулық сақтау саласындағы байланыстарды нығайтуға ықпал етеді.
-->Астана медицина университетінде Германия, Әзірбайжан, Қырғызстан және Өзбекстан ғалымдарының қатысуымен «Хирургия және медициналық білім берудің таңдаулы мәселелері» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтуде, деп хабарлады Elorda.info.