Елорда жаңалықтары

Астанада күрес түрлерінен Азия чемпионаты басталды

Бүгін елордадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында Грек-рим, еркін және әйелдер күресінен Азия чемпионатының салтанатты ашылу  салтанаты өтті, деп хабарлады Elorda.info. 

Іс-шараның ашылу салтанатына мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов, Астана қаласының әкімінің орынбасары Есет Байкен, Біріккен күрес Әлемі - UWW  Бюро мүшесі, UWW Азия Кеңесінің Президенті, ҚР грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясының Президенті Дәулет Тұрлыханов қатысты.

Сондай-ақ Астана қаласы әкімінің орынбасары Есет Байкен де турнир қатысушыларына сәттілік тіледі. 

Біріккен күрес әлемі қауымдастығы UWW атынан Асхат Ораловқа, Есет Байкенге, Дәулет Тұрлыхановқа арнайы сыйлық табысталды.

Бұл дүбірлі додаға сары құрлықтың 24 елінен 400 палуан қатысып отыр. 6 күнге созылатын жарыста жалпы есепте 30 салмақ дәрежісінде жеңімпаз бен жүлдегерлер анықталатын болады. Күрестің әр түрінен 10 медаль жиынтығы ойнатылады.   

Күн сайын күндізгі сессия сағат 11.00-де (алдын ала, жартылай финалдық және жұбаныш белдесулері), кешкі сессия 18.00-де (1-ші және 3-ші орындар үшін финалдық ойындар) басталады.

-->

Баршаңызды еңселі елордамыздың төрінде өтіп жатқан бүгінгідей халықаралық деңгейдегі турнирдің ашылу салтанатында көргеніме қуаныштымын. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әсіресе осы спорт саласының дамуына ерекше назар аударуда. Балалардан бастап жасөспірімдерге, кәсіби спортшыларымызға мемлекет тарапынан барлық қолайлы жағдай жасалып жатыр. Соның бір дәлелі - Азия чемпионатының қазақ елінің төрінде ұйымдастырылуы деп айтуға болады. Осы сәтті пайдалана отырып, UWW Азия Кеңесінің Президенті Дәулет Тұрлыхановқа алғыс білдіремін. Бұл турнирдің жеңімпаз палуандары өзіміздің жасөспірімдергеүлгі-өнеге болады деген сенімдемін. Жалпы ел тарихында бұл елеулі оқиға десек, қателеспейміз. Палуандарға сәттілік тілеймін, - деді өзінің құттықтау сөзінде Асхат Оралов.

Сондай-ақ Астана қаласы әкімінің орынбасары Есет Байкен де турнир қатысушыларына сәттілік тіледі. 

Көпшілік күткен күрес сайысы биыл бас қаламыз Астана төрінде екінші мәрте ұйымдастырылып отыр. Айтулы бәсекенің өтуі спортшыларымыз үшін маңызды. Өйткені спортшыларды шыңдауға мүмкіндік беретіне, елімізде күрес түрлерін танымал етуге септігін тигізетініне сенімдімін. Бүгінде еліміздің балуандары әлем және Азия чемпионаттарында жоғары нәтижелерге қол жеткізуде. Олардың жетістіктері өскелең ұрпақты спортпен айналысуға, үлкен мақсаттар қоюға және оларға қол жеткізуге шабыттандырады.
Спорт – ел жетістігінің белгісі, бейбітшіліктің кілті. Осы орайда бүгінгі дүбірлі додаға Азия құрлығынан 24 елден келген Олимпиада, Әлем және Азия чемпиондарына сәттілік тілеймін! Ал, еліміздің балуандарына жоғары жетістік тілей отыра, осы Азия чемпионатында еліміздің туын көтеріп, әнұранын шырқатуларыңызға тілектеспін! Ең мықтылар бүгін жеңіске жетсін!
Жарыстың әділетті, қызықты және табысты болуына тілектеспін, - деді Есет Байкен жарыстың ашылу салтанатында.