Астанада көпбалалы аналарға сертификаттар табысталды
Елордалық «Мүгедек жастар қоғамы» қоғамдық бірлестігінде «Шаг вперед» жобасы аясында көпбалалы әйелдерге сертификаттар табысталды, деп хабарлады Elorda.info.
Жобаның басты мақсаты – ерекше балаларды тәрбиелеп отырған әйелдер мен көпбалалы аналарға «Цигун» әдісі бойынша тыныс алу жүйесіне арналған массаж бен жаттығуларды үйрету.
Бұл курс мамырдың 25-іне дейін жалғасады. Оған 70-ке жуық адам қатысады. Мұнда жас кәсіпкерлердің көмегімен тегін заң бойынша кеңестер, жеке кәсіпкер ретінде тіркелуді, бухгалтерлік есептерді жүргізу бойынша тегін ақпараттар алуға болады.
-->Жобаның басты мақсаты – ерекше балаларды тәрбиелеп отырған әйелдер мен көпбалалы аналарға «Цигун» әдісі бойынша тыныс алу жүйесіне арналған массаж бен жаттығуларды үйрету.
«Шаг вперед» жобасы бойынша біз 67 адамға «Цигун» бойынша тыныс алу жүйесіне арналған массаж бен жаттығуларды үйреттік. Біздің негізі міндетіміз – аналарға өз ісімен айналысуға көмектесу. Нәтижесінде олар осы жерден алған білімді болашақта өз пайдасына жаратады, - деді «Мүгедек жастар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Мұрат Әбдімомынов.