Елорда жаңалықтары

Астанада көмірді қайдан және қандай бағада алуға болады

Биыл елордада көмір сататын 11 қойма жұмыс істейді. Олардың аумағында 14 сату орны бар. Барлығы тиісті инфрақұрылыммен және тиеу-түсіру техникасымен қамтамасыз етілген, деп хабарлады Elordainfo.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Бұл орындарда 8 компания қызмет көрсетеді. Олар мына мекенжайларда орналасқан: Герцен көшесі, 4/1; Герцен көшесі, 6/2; Көктал, 28/2; Мағат, 40; Жамбыл Жабаев көшесі, 76; Ахмет Жұбанов көшесі, 35; Дулатов көшесі, 182/1; 85-ші көше (ЖЭО-3 ауданы), уч. 9А; Герцен көшесі, 6Б.

Қазіргі таңда Астанада көмірдің орташа бағасы:

• Шұбаркөл – тоннасы 18 000 теңге;

• Қаражыра – тоннасы 18 500 теңге;

• Майкөбе – тоннасы 15 500 теңге.

Айта кетейік, қалада «109» нөмірлі жедел желі жұмыс істейді. Онда көмірдің қолжетімділігі, бағасы мен сату орындары туралы ақпарат беріледі.