Елорда жаңалықтары

Астанада кәмелетке толмағандардың қатысуымен 119 жол-көлік оқиғасы тіркелген

Астана қаласының коммуникациялар қызметінде елордадағы жол қозғалысының қауіпсіздігі туралы Астана қаласы Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Арман Айтмағамбетов брифинг өткізді, деп хабарлады Elorda.info  

Елордада «Жол қозғалысы қауіпсіздігі апталығы» басталды.

10 айдың қорытындысы бойынша елорда аумағында кәмелетке толмағандардың қатысуымен 119 жол-көлік оқиғасы тіркелді, 124 бала жарақат алды. Жол-көлік оқиғасының негізгі себептері - жүргізушілер мен жаяу жүргіншілердің жол қозғалысы ережелерін сақтамауы, сондай-ақ жолда зейін мен қырағылықтың жоғалуы болып табылады.

Көлікті мас күйінде басқарғаны үшін 1337 жүргізуші, апатты жағдай жасағаны үшін - 2209, қауіпсіздік белбеуі үшін - 12372 ұсталды. Жолдардағы жағдайды тұрақтандыру үшін кәмелетке толмағандар арасында жол қауіпсіздігінің негізгі ережелері туралы түсіндіру жұмыстарына үлкен көңіл бөлінуде.

Астана қаласының полиция департаменті балалардың жол-көлік жарақаттануының алдын алуға және кәмелетке толмағандарды жол қозғалысы ережелеріне оқытуға ерекше назар аударады.  Бұл жұмыстың негізгі мақсаты балалардың бойында қауіпсіздік пен жолдағы жағдайды дұрыс бағалаудың тұрақты дағдыларын қалыптастыру, жауапкершілік пен тәртіпті қалыптастыру болып табылады. Осыған орай елорданың білім беру ұйымдарында өзекті тақырыптар бойынша оқу-әдістемелік жиындар ұйымдастырылды. 2023 жылдың басынан бастап балалардың жол-көлік жарақаттануының алдын алуға бағытталған 8 390 астам дәрістер мен оқыту сабақтарының өзге де түрлері ұйымдастырылды. 

13 қарашада ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің бастамасымен  республика бойынша «Жол қозғалысы қауіпсіздігі апталығы» басталды. Аптаның басты мақсаты - жолдардағы жазатайым оқиғалардың деңгейін төмендету, автокөлікпен байланысты құқық бұзушылықтардың алдын алу. Қауіпсіздік апталығын өткізу барысында күн сайын әртүрлі мақсатты аудиториялар арасында жолдағы заңға бағыну тәртібін насихаттауға бағытталған жаңа акция өтеді.

Еліміздің барлық өңірлерінде «Көзге түс!» акциясы өтуде, оның  мақсаты - ересек адамдардың назарын балалардың шағылыстыратын элементтерді (фликерлерді) пайдалану қажеттілігіне аудару. Мектепке дейінгі балалар мекемелерде жаяу жүргіншілердің жеке қауіпсіздігін қамтамасыз ету құралы ретінде фликерлерді киюді насихаттауға бағытталған «Қамқор Ана» байқауы өтеді. 

Қауіпсіздік апталығы 19 қараша - Дүниежүзілік жол көлік оқиғасының құрбандарын еске алу күнінде аяқталады.

-->

Сонымен қатар, ең көп тараған бұзушылық - белгіленген жерлерден тыс жолды кесіп өту. Мысалы, 2023 жылдың 22 қыркүйегінде BMW автокөлігінің жүргізушісі тыйым салынған бағдаршамда белгіленген жерден жолды кесіп өтіп бара жатқан кезде кәмелетке толмаған жаяу жүргіншімен соқтығысқан. Оқиға салдарынан бала ауруханаға жеткізіліп, жансақтау бөліміне жатқызылды, - деді Астана қаласы Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Арман Айтмағамбетов.

Көлікті мас күйінде басқарғаны үшін 1337 жүргізуші, апатты жағдай жасағаны үшін - 2209, қауіпсіздік белбеуі үшін - 12372 ұсталды. Жолдардағы жағдайды тұрақтандыру үшін кәмелетке толмағандар арасында жол қауіпсіздігінің негізгі ережелері туралы түсіндіру жұмыстарына үлкен көңіл бөлінуде.

Астана қаласының полиция департаменті балалардың жол-көлік жарақаттануының алдын алуға және кәмелетке толмағандарды жол қозғалысы ережелеріне оқытуға ерекше назар аударады.  Бұл жұмыстың негізгі мақсаты балалардың бойында қауіпсіздік пен жолдағы жағдайды дұрыс бағалаудың тұрақты дағдыларын қалыптастыру, жауапкершілік пен тәртіпті қалыптастыру болып табылады. Осыған орай елорданың білім беру ұйымдарында өзекті тақырыптар бойынша оқу-әдістемелік жиындар ұйымдастырылды. 2023 жылдың басынан бастап балалардың жол-көлік жарақаттануының алдын алуға бағытталған 8 390 астам дәрістер мен оқыту сабақтарының өзге де түрлері ұйымдастырылды. 

13 қарашада ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің бастамасымен  республика бойынша «Жол қозғалысы қауіпсіздігі апталығы» басталды. Аптаның басты мақсаты - жолдардағы жазатайым оқиғалардың деңгейін төмендету, автокөлікпен байланысты құқық бұзушылықтардың алдын алу. Қауіпсіздік апталығын өткізу барысында күн сайын әртүрлі мақсатты аудиториялар арасында жолдағы заңға бағыну тәртібін насихаттауға бағытталған жаңа акция өтеді.

Еліміздің барлық өңірлерінде «Көзге түс!» акциясы өтуде, оның  мақсаты - ересек адамдардың назарын балалардың шағылыстыратын элементтерді (фликерлерді) пайдалану қажеттілігіне аудару. Мектепке дейінгі балалар мекемелерде жаяу жүргіншілердің жеке қауіпсіздігін қамтамасыз ету құралы ретінде фликерлерді киюді насихаттауға бағытталған «Қамқор Ана» байқауы өтеді. 

Күзгі-қысқы кезеңнің басталуымен, күндізгі уақыт қысқарған кезде, жаяу жүргіншілер көлік жүргізушілері үшін нашар көрінеді. Дәл осы уақытта жаяу жүргіншілердің қатысуымен болған апаттың өсуі байқалады. Ал жарық таратқыштарды қолдану қараңғыда жаяу жүргіншіге автокөліктің соғылу қаупін 85% - ға, яғни 6,5 еседен астамға төмендетеді, - деп атап өтті А.Айтмағамбетов. 