Астанада қиын жағдайдағы отбасы балаларын мониторинг топ бақылайды
Қазіргі таңда балабақшада 66 мың бала, мектептерде 260 мың оқушы және колледждерде 34 мыңға жуық студент бар. Бұл туралы Астана қаласы коммуникациялар қызметінде өткен брифингте елорда әкімінің орынбасары Есет Байкен айтты, деп хабарлады Elorda.info.
Брифинг барысында спикер қаладағы білім беру ұйымдарында оқу процесін ұйымдастыру мәселелері бойынша айтты.
Елорданың білім беру жүйесінде 337 мың баланы қамтып отырған 734 ұйым жұмыс істейді. Оның ішінде 171-і мектеп, 525 балабақша, 11 қосымша білім беру ұйымы бар.
-->Брифинг барысында спикер қаладағы білім беру ұйымдарында оқу процесін ұйымдастыру мәселелері бойынша айтты.
Қазіргі таңда 5 ауданда 5 мониорингтік топ бар. Олар қиын жағдайдағы отбасылардың және кәмелет жасына толмаған балалардың өмір сүру салтын бақылау бойынша жұмыс істейді. Жаз айларынан бастап оқу жылына дейін қалаға көшіп келген болмаса қоныс аударған отбасыларды бала құқықтары жөніндегі уәкіл мен полиция департаментінің қызметкерлері анықтап, білім беру ұйымдарына қабылдау бойынша жұмыстарды ұйымдастырады. Астанаға жан-жақтан адамдар көшіп келіп жатқандықтан әр жанұя бойынша әлеуметтік паспорт жасалады. Сол бойынша отбасыға мемлекет тарапынан көмек көрсетіледі, - деді Есет Берікұлы.
Елорданың білім беру жүйесінде 337 мың баланы қамтып отырған 734 ұйым жұмыс істейді. Оның ішінде 171-і мектеп, 525 балабақша, 11 қосымша білім беру ұйымы бар.