Астанада инклюзия мәселелері бойынша мониторинг жүргізілді
Сарыарқа ауданы әкімінің инклюзия мәселелері жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі Жанат Қабдолла мен аппарат мамандары көшпелі кеңес өткізді, деп хабарлады Elorda.info.
Жиын барысында көшелердегі арнайы орындар мүгедектер арбасындағы адамға немесе арбадаға кішкентай баласы бар ата-аналарға қандай қолайсыздықтар әкелетіні қаралды. Сондай-ақ, қоғамдық көліктің өткелдері мен аялдамалары бойынша ұсыныстар берілді.
-->

Біздің ауданның көшелеріне мониторинг жүргізу барысында мен жиі кедергілерге тап боламын. Біз Сарыарқа ауданы әкімдігінің мамандарымен бірге көшпелі жиналысқа шықтық. Жұмыстардың басталғаны және ұсыныстардың назарға алынғаны қуантады. Кемшіліктерді түзету үшін жұмыс жүріп жатыр, - деп атап өтті Сарыарқа ауданы әкімінің инклюзия мәселелері жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі Ж.Қабдулла.