Астанада II дүниежүзілік соғыста қаза тапқан майдангерлерді еске алды (ФОТО)
Астанада Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында қайтыс болған жауынгерлердің қабіріне «Даңқ гирляндалары» мен гүл себеттерін қою рәсімі өтті, деп хабарлады Elorda.info.
Рәсім кезінде үрмелі оркестрдің орындауында салтанатты марш орындалды.
Ескерткішке гүл қою рәсімі бір минут үнсіздікпен басталды.
Іс-шарада тыл еңбеккерлері мен Ауғанстан соғысының ардагерлері гүл шоқтарын қойып, қаза болғандарды еске алды.
«Шейх Кунта қажы» мешітінің имамы Данияр Байдуллаев құран оқып, Орыс Православ шіркеуінің діни қызметкері Архимандрит Иоасаф алғыс сөздерін, құттықтауларын айтып, денсаулық, бейбітшілік пен жақсылық тіледі.
-->Астанада Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында қайтыс болған жауынгерлердің қабіріне «Даңқ гирляндалары» мен гүл себеттерін қою рәсімі өтті, деп хабарлады Elorda.info.
Рәсім кезінде үрмелі оркестрдің орындауында салтанатты марш орындалды.
Ескерткішке гүл қою рәсімі бір минут үнсіздікпен басталды.
9 мамырдың төл тарихымыздағы орны ерекше. Бұл – жанқиярлықпен ел қорғаған аталарымыз бен әкелеріміздің, әжелеріміз бен аналарымыздың рухына тағзым ететін күн. Осыдан 78 жыл бұрын қанды майдан аяқталып, жеңіс туралы жаңалық келген күн. Елдің азаттығы мен ұрпақтың жарқын болашағы үшін жанын пида еткен боздақтарымызды мәңгі есімізде сақтау – қасиетті борышымыз, - деді Сарыарқа ауданы әкімінің орынбасары Медет Жалпыбаев.
Іс-шарада тыл еңбеккерлері мен Ауғанстан соғысының ардагерлері гүл шоқтарын қойып, қаза болғандарды еске алды.
Екінші дүниежүзілік соғыс – Кеңес Одағының тарихындағы ең қасіретті, ең үлкен соғыстардың бірі. 1941-1945 жылғы соғыстың салдарынан, зардабынан 25 млн-нан артық Кеңес елінің азаматтары қайтыс болды. Солардың ішінде мыңдаған қазақстандықтар да болды.
II дүниежүзілік соғыста ерлік көрсеткен фашистерді тізе бүктірген аталарымыздың немерелері бірнеше жылдардан кейін тағы да бір соғысқа баруға мәжбүр болды. Мыңдаған қазақстандықтар Ауғанстандағы соғысқа барды.
Біз сол қайсар, батыр ұрпақтың жалғасы ретінде соғыста қаза тапқан әрбір майдангердің рухы алдында тағзым етеміз, - деді Ауғанстан соғысының ардагері Ғалым Қожабеков.