Астанада халықаралық шахмат турнирі өтеді
Бұл туралы Астана қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Еркеғали Корбозов айтты, деп хабарлады Elorda.info.
Турнир орталық саябақтың автотұрағында өтеді. Жарыстың жалпы жүлде қоры 2 миллион теңгені құрайды.
-->
6 шілде күні Елорданың 25 жылдығына орай қалалық «Толағай» алыптар сайысы ашық турнирі өтеді! Ұлы Даланың батырларын насихаттауда, қазақтың этно-ойындарын дәріптеу мақсатында өтетін турнирге білегі тоқпақтай, жауырыны қақпақтай 18 жастан асқан қала тұрғындары мен қонақтары қатыса алады, - деді спикер.
Турнир орталық саябақтың автотұрағында өтеді. Жарыстың жалпы жүлде қоры 2 миллион теңгені құрайды.
9 шілде күні Амфитеатр алдында «Қажымұқан жолы» мәдени-спорттық жобасы, 9 және19 шілде күндері «Astana Zhuldyzdary» халықаралық шахмат турнирі, елорда күніне арналған балалар, жасөспірімдер, жастар және ардагерлер арасындағы Шинкиокушинкай каратэден «Астана кубогы» республикалық турнирін өткізу жоспарланып отыр, - деді Е.Карбозов.