Астанада грэпплингтен әлем чемпионаты өз мәресіне жетті
Астанада 7-қазан күні Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек спорт сарайында басталған грэпплингтен кезекті әлем чемпионаты бүгін аяқталды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Әлемнің 31 елінен 1 800-ден астам спортшы қатысқан додаға Grappling және Grappling Gi бойынша өтті.
«Бүгін міне Грэплингтен үшінші рет өткізіліп жатқан әлем чемпионатының куәсі болып отырсыздар. 2016 жылдан бері өткізіліп келе жатқан әлем чемпионатының куәсі болып отырсыздар. 2016 жылдан бастап елімізде өтіп келе жатқан бұл жарысты бізден басқа бірде-бір ел үш рет ұйымдастыру құқығына ие болмаған. Екіншіден, биылғы доданың ерекшелігі тек ересектер ғана емес, барлық жарыстарды қамтып жатыр. Бұл жас спортшыларымыздың тәжірибесін шыңдауға үлкен мүмкіндік береді. Әрі биылғы жарысқа Қазақстаннан бөлек, ең көп спортшылар алып келген АҚШ, Ресей, Украина, Польша, Франция сияқты мемлекеттер болып отыр. Яғни, осы спорт түрінің алғашқы ұйымдастырылуында бәсекеге 20-дан астам елдер қатысса, биылғы көрсеткіш одан көп болып тұр. Әрі бұл көрсеткіш де барған сайын ұлғая береді деген сенімдеміз, спортшыларымызға және қатысушыларға мықты денсаулық, нәтижелі еңбек тілеймін», -дейді Греплингтен Қазақстан құрамасының команда басшысы Арман Түсіпбек.
Ал аталған жарысқа қатысушылар өздерінің әсерлі сәтімен бөлісіп, толқыныстарын жасыра алмады.
«Әлемнің әр түкпірінен келген спортлылармен бірге алаңға шығып өнер көрсету және олармен пікір алмасып, тәжірибе бөлісу мен үшін үлкен жетістік. Бұл мені болашақта олмпиада шыңын бағындыруға деген ынтамды оятты. Алдағы жарыстарға қатысуыма шабыттандырды»,-дейді қола жүлдегер Нұрасыл Тұрысбеков.
Осылайша аталған жарыстың қортындысы бойынша Қазақстан ерлер арасындағы командалық жарыста 84 ұпаймен чемпион атанды. Ал, АҚШ 75 ұпаймен екінші, Польша 70 ұпаймен үшінші орынға жайғасты.
Әйелдер арасындағы грэпплингте командалық жарыс бойынша 85 ұпаймен АҚШ алға шықса, 56 ұпаймен Польша екінші орынға, 46 гпаймен Испания үшінші болды.
Еске салайық, 2023 жылғы әлем чемпионатында , жастарымыз 24 алтынмен жалпы есепте бірінші орын алса, ересектеріміз Grappling Gi-да сенсациялық бірінші орын, грэпплингте екінші орын, әйелдер құрамасы Grappling Gi-да жалпы есепте екінші орынға тұрақтаған еді.