Елорда жаңалықтары

Астанада GPT – чаттың көмегімен салынған картиналардың фотокөрмесі өтті

Бүгін елордада «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында GPT - чатты қолднау арқылы салынған картиналардың фотокөрмесі өтті, деп хабарлады Elorda.info.

Қала қонақтары мен тұрғындары, оқушылар мен кішкентай балғындардың назарына экология, табиғатқа, қоршаған ортаға құрметпен қарауға шақыратын 50 картина ұсынылды.

GPT – чаттың көмегімен жасалған картиналардың әрқайсысында қазіргі жағдай мен болашақ, бүгін мен ертеңгі күн бейнеленген. Түрлі стильде салынған бояу қанық, айтар идеясы бар картиналар келушілердің көңілінен шықты. Әсіресе жасанды интеллекттің болашақты қалай суреттегіні келушілердің қызығушылығын туғызды. 

Іс-шара аясында белгілі экологиялық белсенді Шасалим Шагалимов елордалықтарға табиғатты ластамау, айналаның тазалығына мән беру тақырыбында дәріс оқыды.

-->

«Еліміз үшін экология өте маңызды мәселе болып отыр. Бұл саладағы проблемаларды оң шешуге тек қаладағы коммуналдық қызметтер ғана емес, тұрғындар да қолдау көрсетуі керек. Пластик пен бір рет қолдануға арналған пакеттер біздің өмірімізді жеңіл әрі ыңғайлы еткенімен экологияға тигізіп жатқан зияны көп. Олар қайта өңделмесе топырақ пен суға араласып, қоршаған ортаны ластайды. Көлігіміздің терезесінен сыртқа лақтырған немесе арнайы жәшікке салынбаған кішкентай қоқыстың өзі экологияға, жолдарға, көшелерге, жалпы қаламыздың келбетіне кері әсерін тигізетінін ұмытпауымыз керек. Айналаға, табиғатқа құрметпен қарауға шақырамын, экологиямыздың жақсы болуы ұлттың денсаулығына тікелей әсер ететінін есте ұстайық», - деді Шасалим Шагалимов.