Елорда жаңалықтары

Астанада «GOWEB 2023» Web-Хакатонының финалы өтті

Елордада та «GOWEB 2023» Web-Хакатонының финалы өтті, деп хабарлады Elorda.info.

Оған 12 мен 17 жас аралығындағы жас веб-әзірлеушілер мен веб-дизайнерлер қатысып, өздерінің таланттары, үздік машықтары мен дағдыларын көрсетіп, бақ сынасты. 

Еліміздің түкпір-түкпірінен 450-ден астам қатысушы төрт номинация бойынша өз жұмыстарын жіберді. Финалға Астана, Алматы, Өскемен және Қарағанды қалаларынан келген 40 оқушы қатысты.

12-14 жас аралығындағы веб-әзірлеушілер «Салауатты өмір салты» тақырыбы бойынша, ал 15-17 жас аралығындағы қатысушылар «Қалдықсыз өмір» тақырыбында сайт жасады.
12-17 жас аралығындағы веб-дизайнерлер компанияның танымалдылығын арттыру мақсатында қаржылық сауаттылық сайтының дизайнын жасады.

Веб-әзірлеу санаты бойынша:
1-орынды 12-14 жас Тамерлан Нуралим; 15-17 жас Жарас Даулет;

2-орынды 2-14 жас Райымбек Таджигали; 15-17 жас Таир Дулатулы;
 
3-орынды 12-14 жас Ерасыл Маратбеков, 15-17 жас Руслан Сатыбалдиев иеленді.
 
Веб-дизайн санаты бойынша жеңімпаздардың тізімі:
1-орын: 12-14 жас Айнур Елмураткызы, 15-17 жас Анель Уруспаева;
2-орын: 12-14 жас Тагабай Расул, 15-17 жас Аружан Амангелді;
3-орын: 12-14 жас Дарья Софронова, 15-17 жас Константин Козлов.  

Жеңімпаздар өз үздік жұмыстары үшін, атап айтқанда веб-әзірлеушілерге MacBook, ал үздік веб-дизайнерлер стилус пен iPad бағалы сыйлықтарына ие болды.

Сондай-ақ, қатысушылар үшін екі шеберлік сабағы өткізілді. Веб-дизайнерлерге арналған шеберлік сабағын Лилия Цой «Веб-дизайндағы нейрожелілер» тақырыбында, ал Анар Артықбай сайт әзірлеу бойынша өткізді.

Айта кетейік, 2022 жылы президент Қасым-Жомарт Тоқаев білімге деген көзқарасты өзгертіп, техникалық мамандықтарға басымдық беру керегін айтқан болатын.

 «GOWEB - 2023» Web-Хакатонының финалы жас таланттардың алаңы болғалы тұр. Олар веб-әзірлеу және веб-дизайн саласындағы жас таланттардың бойындағы қабілеті мен шығармашылық әлеуетін көрсете алады. 
Сонымен қатар білім мен тәжірибе алмасу алаңына айналып, веб-технология қызметін енді бастаған мамандарға қарым-қатынас орнатуға таптырмас мүмкіндік сыйлайды. Хакатонды өткізу арқылы Қазақстанда  техникалық мамандықтарды дамытуға басымдық беру керегі жөніндегі президенттің айтқанына қолдау білдіріп, жастар арасында кәсіби бағдарды анықтауына және техникалық мәдениетті дамытуына септігі тиеді.

-->