Астанада «Filarmonia fest - 2023» музыкалық фестивалі басталды
Дәл қазір елорданың 25 жылдығын мерекелеу аясында Астана қаласының әкімдігі және Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармониясының ұйымдастыруымен «Filarmonia fest - 2023» музыкалық фестивалі басталып кетті, деп хабарлады Elorda.info.
Бүгін аталған фестивальге филармония шығармашылық ұжымдары мен солистері, барлығы – 500-ге жуық әртіс қатыспақ. Сондай-ақ балалар шығармашылық ұйымдары мен білім беру студиялары, цирк әртістері атсалыспақ.
Фестивальді Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармониясының бас директоры Ерлан Дәкенов құттықтау сөзімен ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Ал түстен кейін «Сарыарқа» халық музыкасы ансамблінің және Үрмелі оркестрінің «Музыкалық аспаптар әлеміне саяхат» атты жас музыканттарға арналған шеберлік сағаттары өтпек. Кешке Қазақ оркестрі мен Халық әні бөлімінің дәстүрлі әншілері әкімдік алдындағы амфитеатрда өнер көрсетеді. Одан соң Ғазиза Жұбанова атындағы мемлекеттік ішекті аспаптар квартеті орталық кіреберістегі концерттік алаңда музыкалық шашуын шашпақ. Әрі қарай Астананың 25 жылдығына арналған флешмоб ұйымдастырылып, «Филармония - елорданың музыкалық магниті» эссе байқауының қорытындысы шығарылмақ. Фестиваль симфониялық оркестр және барлық ұжымдардың қатысуымен филармонияның Гала-концертімен аяқталады деп жоспарлануда.
Ұйымдастырушылар фестивальге Астана қаласы тұрғындары мен қала қонақтарын шақыруда.
-->Бүгін аталған фестивальге филармония шығармашылық ұжымдары мен солистері, барлығы – 500-ге жуық әртіс қатыспақ. Сондай-ақ балалар шығармашылық ұйымдары мен білім беру студиялары, цирк әртістері атсалыспақ.
Фестивальді Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармониясының бас директоры Ерлан Дәкенов құттықтау сөзімен ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі.
- Бұл - қала тұрғындарына арналған үлкен мерекелік шара. Үлкен бағдарлама таңертеңнен кешке дейін болады. Фестиваль «Музыка балалар көзімен» сурет байқауымен басталды. «Бормен сурет салу», «Мүсін», «Композиция» номинациялары бойынша жалғасады, - деді Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармониясының көркемдік жетекшісі Гүлмира Құттыбадамова.