Астанада Еуразия Халықаралық кітап жәрмеңкесі өтеді
Елордада 19-23 сәуір аралығында Еуразия халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлады Elorda.info.
Бұл ТМД, Еуропа мен Азия елдерінің кітап саудасы, баспа компанияларын үлкен зияткерлік алаңға біріктіруге мүмкіндік беретін мәдени-ағартушылық шара деп жазады Хабар24.
Баспа ісіндегі мамандар өз тәжірибелерімен бөлісіп, жаңа кітаптарын таныстырады. Көрмеде барлық жанрдағы еңбектер қамтылған. Әлемнің бірнеше елінен 70 компания мен ұйым қатысуға өтініш білдіріпті. Олардың ішінде Қазақстан, Ресей, Түркия, және Қытайдың баспалары бар.

Атаулы шара осымен 6-мәрте өткізіліп жатыр. Бұл Еуразия кеңістігіндегі ең ірі шара боп табылады. Кітап саласының майталмандары жиналатын бұл шараға 70-тен астам баспалар мен ұйымдар келуге ниет білдіріп отыр қазіргі уақытта, - деді баспа редакторы Қанат Бейсенғазин.