Елорда жаңалықтары

Астанада еріктілер таза ауада бұқаралық жаттығу өткізді 

50-ден астам елордалық Орталық саябақта Дүниежүзілік денсаулық күніне орай ұйымдастырылған «Біз салауатты өмір қуанышын сыйлаймыз!» республикалық акциясына қатысты, деп хабарлады Elorda.info. 

Салауатты өмір салтын насихаттау акциясы әртүрлі жастағы және кәсіптегі елорда тұрғындарының басын біріктірді.  Тәжірибелі нұсқаушылар олардың өміріне пайдалы әдетке - таңғы жаттығулар жасауға дағдылануына көмектесті. 

Қала тұрғыны Әсел таңғы гимнастика кешендерін орындай отырып, күні бойы сергек болып жүруге шақырды. 

Азаматтық бастамалар орталығы хабарлағандай, «Біз салауатты өмір қуанышын сыйлаймыз!» акциясының басты мақсаты - денсаулық сақтау саласына еріктілерді тарту және сырқаты ауыр науқастарға көмек көрсету. Қазіргі уақытта жобаға республиканың түкпір-түкпірінен 2 мыңнан астам ерікті, соның ішінде күміс жастағы еріктілер қосыла алады. Келесі жылдың соңына дейін жыл сайын 7 мыңнан астам мұқтаж азамат әлеуметтік көмек алады деп жоспарлануда.

«Birgemiz:Saulyq» жалпыұлттық жобасы 2024 жылдың соңына дейін ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен жүзеге асырылмақ. Жоба операторы – Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы.

-->

«Спорттық челлендж өткен аптада Алматыда бастау алған болатын.  Енді міне «Біз салауатты өмір қуанышын сыйлаймыз!» акциясы елордада жалғасын тауып отыр. Орталық саябақта біздің еріктілер түрлі жаттығулар кешенін көрсетті. Іс-шара әрбір қатысушыға сергектік пен тамаша көңіл-күй сыйлады. Алматы, Қарағанды, Шымкент қалаларында белсенділер өздерінің жақсы қырларын көрсетті. Әрі қарай Қазақстанның басқа да қалаларында спорттық-сауықтыру акциясы жалғасады», - деді жоба жетекшісі Жәнібек Солтанай. 
 
Қала тұрғыны Әсел таңғы гимнастика кешендерін орындай отырып, күні бойы сергек болып жүруге шақырды. 

«Жаттығу – денсаулықты сақтаудың ең қолжетімді жолы.  Әртүрлі бұлшықет топтарына арналған физикалық жаттығулар адамның тонусын арттырып, әл-ауқатын жақсартатыны белгілі», - деп есептейді ол. 